« Мәңгілік ел келешегі-жас мамандар! » атты жас мамандар апталығы өз мәресіне жетті. » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Мәңгілік ел келешегі-жас мамандар! » атты жас мамандар апталығы өз мәресіне жетті.
30
сәуір
2024

« Мәңгілік ел келешегі-жас мамандар! » атты жас мамандар апталығы өз мәресіне жетті.

2024ж. 22 - 27 сәуір аралығында  А.Қарсақбаев атындағы № 41 ЖББ мектепте « Мәңгілік ел келешегі-жас мамандар! » атты жас мамандар  апталығы өз мәресіне жетті. 
Апталықтың мақсаты: жас маманның сабақ беру әдіс-тәсілін байқау және әдістемелік көмек көрсету. Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сезіндіру арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
 Апталықты қорытындылау мақсатында "Қоғамдағы мұғалімнің бейнесі" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
   Апталық барысында жоспарланған іс-шаралар толық өткізілді. Жас педагогтер тәжірибе алмасып, өз кәсібіне деген көзқарасын, құзіреттіліктері мен қызығушылығын арттырды.
 Соңында  мектеп директоры Тогабоев Р.С  , директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есжанова А.Е  және тәлімгер ұстаздар жас  мамандардың  жұмыстарына жаңашылдық, шығармашылық, үнемі ізденісте болу керектігін айтып, сәттілік тіледі.  Апталық өз дәрежесінде өтіп, салтанатты түрде жабық деп жарияланды.