«Бүгінгі жас маман - болашақ білікті ұстаз» атты жас маман ұстаздардың апталығы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бүгінгі жас маман - болашақ білікті ұстаз» атты жас маман ұстаздардың апталығы
23
сәуір
2022

«Бүгінгі жас маман - болашақ білікті ұстаз» атты жас маман ұстаздардың апталығы

2022ж. 18-23 сәуір аралығында  А.Қарсақбаев атындағы № 41 ЖББ мектепте «Бүгінгі жас маман - болашақ білікті ұстаз» атты жас маман ұстаздардың  апталығы өтті . 
Апталықтың мақсаты: 
    Жас маманның теориялық білім, білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал ету.    Әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу. Апталық барысында жас мамандар ашық сабақтар өткізе отырып, жыл көлемінде  жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Апталықты қорытындылау мақсатында  ағылшын тілі пәні мұғалімі, тәлімгер- Ашимова Балауса  Сембекқызы жас мамандарға "Оқу және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер" тақырыбында коучинг өтті. Коучингтің мақсаты: 
XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаhандану процесіне көшуде.  Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту. 
Жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесіне көшуде мұғалімдерге көмек ретінде интербелсенді әдістерді ұсыну. 
Әр оқушының мүмкіндіктерін,  қабілеттерін,  қызығушылығын анықтау. 
Тәлімгер қатысушыларды топқа біріктіріп,  жаттығуларды орындату арқылы  тақырыпты жіті түсіндірді, күнделікті сабақ жоспарында қолданылатын: миға шабуыл,  жаттығулардың түрлері,  ресустар,  бағалаудың түрлері,  кері байланысты тереңінен үйретті,  жаттығулар орындатып,  жас маманның ой-елегінен өткізді. 
Бұл коучинг жас маман мен тәлімгер арасына жылылық сыйлап, бір-бірімен барынша жақындастыруға, тәжірибе жинауға көмектесті. Апталық барысында жоспарланған іс-шаралар толық өткізілді. Жас ұстаздардың өз кәсібіне деген көзқарасын, құзіреттіліктері мен қызығушылығын арттырды.
 Соңында  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Бақытгүл Рақышқызы жас мамандардың өткізген сабақтарын талдап, ұсынбалар айтты. Мектеп директоры Доланбаева Л.Б. жас  мамандардың алдағы жұмыстарына жаңашылдық, шығармашылық, үнемі ізденісте болу керектігін айтып, сәттілік тіледі.  Апталық өз дәрежесінде өтіп, салтанатты түрде жабық деп жарияланды.