«Ұлағатты тәлім-ұстаздықтың үлгісі» атты тәлімгер ұстаздардың апталығы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлағатты тәлім-ұстаздықтың үлгісі» атты тәлімгер ұстаздардың апталығы
25
желтоқсан
2021

«Ұлағатты тәлім-ұстаздықтың үлгісі» атты тәлімгер ұстаздардың апталығы

2021ж. 13-25 желтоқсан аралығында  А.Қарсақбаев атындағы № 41 ЖББ мектепте «Ұлағатты тәлім-ұстаздықтың үлгісі» атты тәлімгер ұстаздардың  апталығы өтті . 
Апталықтың мақсаты: теориялық және әдістемелік көмек көрсету. Жалпы біліктілік деңгейін көтеру,тәжірибе алмасу.
 Апталық барысында мектептің шебер, зерттеуші  тәлімгер мұғалімдері  ашық сабақтар , коучингтер өткізе отырып,өз тәжірибелерімен бөлісті. Апталықты қорытындылау мақсатында  ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Сыикимбекова Гулден Мухамедкалиевна  «Сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдары: коммуникациялық стиль» атты тақырыпта семинар сабақ өткізді.
Семинар сабақтың мақсаты мен міндеті: 
Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас жасаудағы стильдерінің айырмашылығы жайлы түсініктерін ғылыми- теориялық негізде кеңейту. Педагогтың әр стильдері туралы білімдерін қалыптастыру.
Өзіндік және топтық жұмыс арқылы педагогтардың анықтамаларына сипаттама, талдау мен тұжырымдама жасай білу. 
Мұғалім сабақта «Жапон әліпбиі» ,        «Ән терапиясы» , «Жағдаят» ,«Қанат ұшқанда қатаяды», «Brain writing» "Қауымдастық ойыны" әдістерін ұтымды пайдаланып, семинардың теориялық және практикалық кезеңдерінде талдау мен сараптау жұмыстары  жүргізілді.
Семинар барысында  ынтымақтастық және бірлескен жұмыс, диалогтық оқыту, СТО, АКТ, оқытудағы басқару және көшбасшылық әдіс-тәсілдері тиімді пайдаланылды. 
Семинар барысында  жас педагогтер: іскерлік және рөлдік ойындар, "шағын топтармен жұмыс", жағдаяттарды шешу, тілді дамытатын, жеке көшбасшылық қабілетін, шешім қабылдай білу мен  дәлелді тұжырымдай білу сияқты қолдануға тиіс неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл түрлерін пайдаланды.
Бұл семинар жас маман мен тәлімгер арасына жылылық сыйлап, бір-бірімен барынша жақындастыруға көмектесті. Семинар өз мақсатына толықтай жетті. Семинар соңында жас мамандар  апталықта алған әсерлерімен бөлісіп, тәлімгер ұстаздарға алғыс  білдірді. Апталық өз дәрежесінде өтіп, салтанатты түрде жабық деп жарияланды.