" Жас маман мен тәлімгер үндестігі" тақырыбында семинар-практикум » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Жас маман мен тәлімгер үндестігі" тақырыбында семинар-практикум
04
желтоқсан
2021

" Жас маман мен тәлімгер үндестігі" тақырыбында семинар-практикум

А. Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ 04.12.2021 күні  жас мамандар жетекшісі Мамедова Райхан Балаяровнаның ұйымдастыруымен " Жас маман мен тәлімгер үндестігі" тақырыбында семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты – Шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, тәжірибе алмасу. Тәлімгерлік үдерісті дамыту.
    Семинарды мектеп директоры Доланбаева  Ләззат Бекбосынқызы ашты. Бастауыш сынып мұғалімдері - тәлімгер Мақатаева С.К және жас маман Турсынбаева Жадыра  математика пәнінен "Санның кубы"  тақырыбында ықшам сабақты видеоматериалда көрсетсе, екінші жұп ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері - тәлімгер Сыйкимбекова Ш.М. мен жас маман Қорғанова Нұрсұлу "My body" тақырыбында ықшам сабағын семинарға қатысқан жас мамандар мен тәлімгерлерге  сабақтың мақсатына сай нәтижеге бағытталған тапсырмаларды орындатып, тиімді әдіс-тәсілдерді практикалық тұрғыда  бірлесіп ұсынды.  Семинар-практикумның   жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде берері мол болды. Мектеп мұғалімдері өзара тәжірибе алмасты. Семинар-практикумға кері байланысты қатысушылар Google форма арқылы берді. Семинар , мектебіміздің “Балдәурен”ансамблінің   шағын концерттік бағдарламасымен аяқталды.