«Мәңгілік ел келешегі-жас мамандар!» атты жас мамандардың апталығының ашылуы өтті . » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мәңгілік ел келешегі-жас мамандар!» атты жас мамандардың апталығының ашылуы өтті .
24
сәуір
2024

«Мәңгілік ел келешегі-жас мамандар!» атты жас мамандардың апталығының ашылуы өтті .

2024 жылы 23 сәуірде А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектебінде 22-26.04.24ж. аралығында болатын «Мәңгілік ел келешегі-жас мамандар!» атты жас мамандардың апталығының ашылуы өтті . 
Апталықтың мақсаты: жас маманның  сабақ беру әдіс-тәсілін  байқау және әдістемелік көмек көрсету. Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сезіндіру арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
 Апталықтың ашылуында  аға тәлімгер Сайран Г.  Оқушыларды сабақта басқару мен ортақ тіл табысуда эмоциялық қатынасты дұрыс бағыттауды жас мамандарды үйрету мақсатында «Педагогтың эмоционалды тұрақтылығы» тақырыбында тренинг өткізді.
Бұл  тренинг  жас педагогтердің  өз кәсібіне деген көзқарасын, құзыреттіліктері мен қызығушылығын арттырды. 
Тренинг мақсаты: 
Жақсы көңіл-күй, жағымды психологиялық ахуал орнату
-Психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру;
- Педагогтардың эмоционалды күйінің алдын алу;
- Қарым - қатынастағы біліктілігін арттыру
- Бой сергіту, шаршаңқылықты басу