17.04-21.04.2023 ж. аралығында «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» атты жас мамандар апталығы басталды. » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 17.04-21.04.2023 ж. аралығында «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» атты жас мамандар апталығы басталды.
18
сәуір
2023

17.04-21.04.2023 ж. аралығында «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» атты жас мамандар апталығы басталды.

А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектебінде 17.04-21.04.2023 ж. аралығында «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» атты жас мамандар апталығы басталды. 
Мақсаты: Жас маманның теориялық білім, білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал ету. 
Апталықтың ашылу салтанатын жас маман Бектеналы К.Т. жүргізді.
Жас мамандармен 1+1=5 атты жарыс түрінде тимбилдинг ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Ұстаз мамандығы – қуанышы  мен қиындығы қатар жүрер киелі мамандық. Осы мамандықты игеруге аяқ басқан мектебіміздің жас мамандарына сәттілік тілейміз.