04-09.12.23ж. аралығында болатын «Мамандығымды мақтан етемін!» атты жас мамандардың апталығының ашылуы өтті. » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 04-09.12.23ж. аралығында болатын «Мамандығымды мақтан етемін!» атты жас мамандардың апталығының ашылуы өтті.
04
желтоқсан
2023

04-09.12.23ж. аралығында болатын «Мамандығымды мақтан етемін!» атты жас мамандардың апталығының ашылуы өтті.

2023 жылы 04 желтоқсанда А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектебінде 04-09.12.23ж. аралығында болатын «Мамандығымды мақтан етемін!» атты жас мамандардың апталығының ашылуы өтті. 
Апталықтың мақсаты: жас маманның  сабақ беру әдіс-тәсілін  байқау және әдістемелік көмек көрсету.
 Апталықтың ашылуында  мектеп психологы Есенова Б.К  Оқушыларды сабақта басқару мен ортақ тіл табысуда эмоциялық қатынасты дұрыс бағыттауды жас мамандарды үйрету мақсатында «Эмоциялық жүйеде сабақты басқару әдістері» тақырыбында ағартушылық дәріс өткізді.
Бұл  дәріс жас педагогтердің  өз кәсібіне деген көзқарасын, құзыреттіліктері мен қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар жас маман, мектеп психологі Бектеналы К.Т мен педагог-ассистент Сәйпен Б.С жас мамандармен біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сезіндіру , оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында ойындар өткізді.



[media=https://youtube.com/shorts/_I_8CaVRTZc?feature=share]