«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман" тақырыбында жас мамандар апталығының жабылуы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман" тақырыбында жас мамандар апталығының жабылуы
22
қараша
2022

«Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман" тақырыбында жас мамандар апталығының жабылуы

2022ж. 14-19 қараша аралығында  А.Қарсақбаев атындағы № 41 ЖББ мектепте «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман" тақырыбында жас мамандар апталығы өтті . 
Апталықтың мақсаты: Жас маманның сабақ беру әдіс-тәсілін байқау, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу.
Апталық барысында жас мамандар түрлі деңгейде ашық сабақтар  өткізді. Апталықты қорытындылау барысында  жас маман Бектеналы Камила   жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. Жас мамандардың ашылуына және өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезініп, бейімделуіне ықпал жасау   мақсатында "Жас маман , алға бас қадам!”  тақырыбында Тимбилдинг ұйымдастырды.
Бұл тренинг жас маман арасына жылылық сыйлап, бір-бірімен барынша жақындастыруға көмектесті. 
Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушілері Бақтыбаева Б.К, Есжанова А.Е және тәлімгер ұстаздар үйретері мен үйренері көп жас мамандардың ұстаздық жолына еңбекқорлық пен табандылық , сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде мол табыстарға жете беріңіздер деген тілекпен жас мамандар апталығын жабық деп жариялады