А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектеп ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдарындағы тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар өтті. » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектеп ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдарындағы тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар өтті.
03
мамыр
2024

А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектеп ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдарындағы тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Алматы қаласы білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың  ғылыми- әдістемелік орталығы» жоспарына сәйкес 02.05.2024жылы Алатау ауданы А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектеп  ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдарындағы тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарда ҚББЖТҒӘО оқу бөлімінің жетекшісі Бибалинова Зульфира Самарбековна мен мектеп директоры Тогабоев Рисбек Сапарбекулы сөз сөйлеп педагогтарымызға сәттілік тіледі. Семинарға сондай ақ ҚББЖТҒӘО Орыс тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Джаманбаланова Гулшат Абдрашитовна, химия-биология пәні әдіскері Алимбекова Бибигуль Байсановна, бастауыш пәні әдіскері Касымбаева Арай Иманбековна, география пәні әдіскері Шаймерденов Толеубек Кизатович, математика пәні әдіскері Турысбекова Алия Кадыргажиновна, тарих пәні әдіскері Кирбаева Жазира Канашевна, музыка пәні әдіскері Шапкина Светлана Корнеевналар қатысып кері байланыстарын берді. Семинар барысында мектебіміздің педагог-зерттеуші мұғалімдері Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдарындағы тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілдері тақырыбында кіріктірілген сабақтарынан тәжірибелерімен бөлісті. Семинарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есжанова Айжан Есиркеповна жүргізді. Семинар соңында қалалық мектептердің мұғалімдері арасынан бірнеше мектеп мұғалімдері кері байланысты ауызша және  https://padlet.com платформасы арқылы жазбашада беріп семинарға ұсыныстары мен жылы лебіз тілектерін жолдады.