Аудандық семинар » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қаңтар
2020

Аудандық семинар

Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас.
 Ғабиден Мұстафин
 Алматы қаласы Алатау ауданы А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 28.01.2020 жылы «Үштік одақ - жаңартылған білім беру аясында» атты семинар өтті.
 Мақсаты: Отбасы-бала тәрбиесі ұғымымен таныстыру, отбасының қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.
 Семинарға ауданныің 25 мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.
 Бастауыш пән мұғалімі М. Абжанова 1 «Ғ» сыныбымен Қазақстан патриотизм бағыты бойынша «Мен Қазақстан патриотымын» атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.
 Бастауыш пән мұғалімі Р. Мамедова 4 «Ғ» сынып оқушыларымен отбасы тәрбиесі бағыты аясында «Үштік одақ ынтымақтастығы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.
 Математика пән мұғалімі Ж. Нұрбек адамгершілік бағыты аясында 8 «Ғ» сыныбымен «Адамгершілік- асыл қасиет» атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.
 Биология пән мұғалімі З. Өскенбай өзін-өзі тану пәні бойынша 7 «Ә» сыныбымен «Отбасылық құндылықтар» атты тақырыбында ашық сабақ өтті.
 Мектеп психологі Б. Есенова «Үштік одақ жаңартылған білім беру аясында» тақырыбында семинарды тренинг сабағымен қорытындылады.