«30 жылда – 30 кітап» тақырыбында дөңгелек үстел » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «30 жылда – 30 кітап» тақырыбында дөңгелек үстел
14
желтоқсан
2021

«30 жылда – 30 кітап» тақырыбында дөңгелек үстел

А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 14 желтоқсанда «30 жылда – 30 кітап» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары арасында мектеп кітапханашысы Кабдулкаримова А. мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шүкірова Д., тарих пәнінің мұғалімдері Қожабекова М. Турлыбаева А. ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты: туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін, патриоттық сезімін ояту, еліне деген құрметті қалыптастыру, сонымен қатар «Қазақ елі жүріп өткен жол», «Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері», «Мәңгілік ел» тақырыптарында ой толғау болды.
Оқушылар қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихына, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктеріне және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы тақырыптарында ойларын ортаға салды.
Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жылдығына арналған бұл шарада оқушылар оқыған кітаптары бойынша пікір алмасты. 
Дөнгелек үстел жиынында тәуелсіздік ұғымы жиі тілге тиек етілді. Ұстаздар қауымы жастарға егемендік қандай жолмен келгенін айтып, оның мән-маңызын түсіндірді. “Желтоқсан оқиғасы” туралы да баян етті. 
Дөңгелек үстел барысында жастар еліміздің 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы пікір алмасты. Олардың пікірінше, лайықты білім алып, аянбай еңбек етіп жүрген жастар сол арқылы мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосып жатыр.