01
желтоқсан
2021
«Зайырлы ұрпақ» жобасы
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 1-8 сыныптарға «Қазақстанның мәңгілік жері-ұлы дала елі», «Тәуелсіздік - әрбір азаматтың іргелі құндылығы», «Бірлік пен келісім –біздің мемлекеттілігіміздің мызғымас негізі», «Жер-ата-бабаларымыздың баға жетпес мұрасы, халықтың игілігі», «Отбасы және дәстүрлер –қоғамның негізін қалаушы тіректері», «Білімге ұмтылу және еңбекқорлық-әл-ауқаттың кілті», «Прагматизм –бәсекеге қабілеттілік кепілі» тақырыптарында сынып сағаты өтілді. Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде зайырлы мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеуді қалыптастыру бағытталған «Зайырлы ұрпақ» жобасы аясында 9-11 сыныптар арасында еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан – зайырлы мемлекет» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазды.