«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасының мектепішілік кезеңі » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасының мектепішілік кезеңі
10
ақпан
2022

«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасының мектепішілік кезеңі

«А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектеп»              коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9 ақпан 2022 жылы  дарабоз, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған  күніне орай «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшәйрасының мектепішілік кезеңі өтті. 
Байқаудың мақсаты: 
   Кәсіби құзіреттілігі жоғары, талантты, шығармашыл педагогтерді анықтау, оларға қолдау көрсету, сонымен қатар педагогтар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау.
Жыр мүшәйра 3 номинация бойынша өтті:
І номинация : «Айтып өткен ақында арман бар ма?»
ІІ номинация : «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды..»
ІІІ номинация : «Жырлайды жүрек»
     Жалпы жыр мүшәйрасына 5 ұстаз қатысып, ақын шығармашылығынән сыр шертті. Ақынға өз арнауларын арнап, әндерін шырқады. 
Қатысушы ұстаздар арасында,  өз өнерімен қазылар алқысын тәнті қылып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірболатқызы Жанат ауданға жолдама алды.