“Мектеп парламенті” Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастырумен #101кітап атты челенджі » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мектеп парламенті” Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастырумен #101кітап атты челенджі
15
ақпан
2022

“Мектеп парламенті” Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастырумен #101кітап атты челенджі

Құрметті оқушылар біз “Мектеп парламенті” Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастырумен #101кітап  атты челенджін бастаймыз.
Аталмыш челенджді 5-11 сынып оқушыларына жолдаймыз🔹
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Алғашқы болып “Жас Ұлан”ББЖ ұйымының ұланбасы 9”Ә”сынып оқушысы Сүлеймен Аяулым ұсынбақ.
Мен сіздерге осы кітапты оқуға кеңес берер едім.Себебі ол кітаптың құндылығы автордың халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа , арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттауды үлгі тұтып жазғаны.
Махаббат қызық мол жылдар — Әзілхан Нұршайықовтың 1970 жылы шығарған романы. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады.
Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа , арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа жарасымды үлгі ұсыну еді. "Апамның айтқандары", "Өз ойларым", "Алтын діңгек" дейтін нақыл тараулар және т.б. осы пікірді нығайтуға қосымша түрінде енді. Автор Ерболды тілші болып жүргеніндегі барлығын сынап, ал соғыста қас батыр, еңбекте ер қылып көрсетті.