«Өзін -өзі басқару ұйымының» кезекті отырысы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзін -өзі басқару ұйымының» кезекті отырысы
24
қыркүйек
2021

«Өзін -өзі басқару ұйымының» кезекті отырысы

Мектебімізде 24 қыркүйек күні оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын «Өзін  -өзі басқару ұйымының» кезекті отырысы өтті.
Мақсаты: Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуді қалыптастыру. Оқушының дүние - танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
«Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде мектеп президентін және мектеп парламентін  сайлау өтті.
Сайлауға қатысуға өтініш білдірген үміткерлер комиссия мүшелерінің алдында өз кандидаттылығын қорғап шықты. Комиссия мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Айжан Абрахманова, Асем Утекаева және ағылшын тілінің мұғалімі Гүлден Сыйқымбекова ақылдаса отырып, кандидат оқушылардың арасынан 10 «А» сынып оқушысы Қыдырәлі Бекарыс мектеп президентіне лайықты деп таныды.

Похожие публикации:

09 ақпан 2021 Ерікті клуб
01 ақпан 2021 Іс-шара
28 қаңтар 2020 Аудандық семинар