"Өз жұлдызыңды жақ" атты байқау » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Өз жұлдызыңды жақ" атты байқау
26
ақпан
2022

"Өз жұлдызыңды жақ" атты байқау

Алматы қаласы, Алатау ауданы А. Қарсақбаев атындағы №41ЖББМ" КММ 26.02.2022 жылы жас мамандардың қатысуымен "Өз жұлдызыңды жақ"  атты байқау болды. 
Мақсаты: жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру педагогикалық еңбектің беделін және жас педагогтердің инновациялық идеялар мен қызмет түрлерін іздеуге уәждемесін дамыту, талантты және жас педагогтерді анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін жандандыру. 
Байқауға мектебімізден жас мамандар арасынан  Шарипханова Айдана Қайратқызы — қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; Достарбек Ақерке — бастауыш сынып мұғалімі; Кайпыев Асханбек — математика пәні мұғалімі; Нургалиева Гулшат — орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;  Бердіқұл Мұқан — дене шынықтыру пәні мұғалімі;  Бақтыбай Нұрай — физика пәні мұғалімі қатысты.

Байқау ережеге сай төрт кезеңнен тұрды.
1 кезең- "Мамандықтағы алғашқы қадамым" тақырыбында эссе.
2 кезең - "Менің педагогикикалық тұжырымдамам".     
3 кезең —" Менің алғашқы сабағым ". 
4 кезең —"Менің тәрбие сағатым".   Әр кезеңде жас мамандар өздерінің шығармашылығын көрсетіп, бағалау критерийлер жүргізілді.  Байқаудың әрбір кезеңінің жеңімпаздарын арнайы құрылған әділ қазылар мүшелерінің қорытындысы бойынша  жинаған балымен айқындады. "Бас жүлдені" орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нургалиева Гулшат иемденді. Бірінші орын -математика пән мұғалімі  Кайпиев Асханбек,  Екінші орын - физика пәні мұғалімі Бақтыбай Нұрай,  Үшінші орын- қазақ тілі пәні мұғалімі Шарипханова Айдана, "Шығармашыл ұстаз"  номинациясын бастауыш сынып пәні мұғалімі Достарбек Ақерке, " Жаңашыл ұстаз" номинациясын дене шынықтыру пәні мұғалімі Бердіқұл Мұқан иемденді.Мектебімізден аудандық байқауға бас жүлде иеленген орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нургалиева Гулшат жолдама алды. Алдағы уақытта ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз .