“Жаныңда жүр жақсы адам!” тақырыбында ашық тәрбие сағаты » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жаныңда жүр жақсы адам!” тақырыбында ашық тәрбие сағаты
05
сәуір
2022

“Жаныңда жүр жақсы адам!” тақырыбында ашық тәрбие сағаты

05.04.2022 ж. жас маман Бектеналы Камила Тұрсынбекқызы 7”В” сынып білім алушыларымен “Жаныңда жүр жақсы адам!” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты:
-оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-оқушыларды адамдардың өзара қарым-қатынасындағы ынта-ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету.
-оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейрімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту;
-оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайлыққа, жақсыны сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақ Flippity сайты арқылы оқушыларды топқа бөліп,шаттық шеңберімен басталды.Сонымен қатар топтық тапсырмалар орындалып,”Жақсы жандар” ойыны ойнатылды.Оқушыларға “Жақсылық қылсаң өзіңе” атты бейнеролик көрсетіліп, “Бақытты отбасы” тақырыбында тыныштық сәті(медитация) өткізілді. “Бақыт ұшағы” әдісі арқылы қорытынды жасалып,көңілді әнмен аяқталды.Сабақ өте қызық өтті.