05
сәуір
2022
Адамгершілік-басты адами қасиет!” тақырыбында ашық тәрбие сағаты
05.04.2022 ж. мектебімізде өтіп жатқан "Педагогикалық дебют-2022" байқауының аясында жас маман Амантай Абай Әділұлы 7”Д” сынып білім алушыларымен “Адамгершілік-басты адами қасиет!” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Балаларға асыл қасиет ұғымын түсіндіре отырып, оқушылардың адамгершілік қағидаларын басшылыққа алу, айналадағылармен рухани құндылықтар негізінде қарым-қатынас орнату қабілеттерін қалыптастыру. Адам бойында адамгершілік қабілетін, әдеп нормаларын сақтау әдетін үйрету. Өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру.
Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.
Мұғалім "Адамгершілік қасиеті" тақырыбында бейнеролик көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашты. Сонымен қатар ”Серпілген сауал”, "Болады-болмайды"ойыны ойнатылды. "Адамгершілік -басты қасиет" тақырыбына эссе жазғызып, қорытындылады.