Жазғы уақыттағы оқу » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
мамыр
2022

Жазғы уақыттағы оқу

«Жазғы мектеп – біліміңізді жетілдіріп, олқылықтарды толтыруға тамаша мүмкіндік. Пандемия оқу үдерісіне жақсы әсер етпегенін және мектеп оқушыларының кей тақырыптарды толық меңгермегенін жақсы білеміз. Басқа елдерде бұл мәселені шешу үшін оқу жылын ұзартады. Ал біз оқу жылын ұзартпай, жазғы мектеп ұйымдастырдық. Біз барлық оқушыларға жазғы мектептен қалмауға кеңес береміз. Икемді оқу кестесі ұйымдастырылады, сабақтар мұражайларға және экскурсияларға бару түрінде де ұйымдастырылады. Бұл ретте жазғы мектепте оқушыларға баға қойылмайтынын, сонымен қатар үй тапсырмасы берілмейтінін атап кеткен жөн. Жазғы уақыттағы оқу мүмкіндігінше қызықты әрі мазмұнды өту үшін барлық жағдай жасалады. Жазғы мектеп біліміңізді шыңдап, олқылықтың орнын толтыруға да тамаша мүмкіндік. Оның үстіне мұғалімдер өз оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын жақсы біледі. Жазғы мектеп барлық оқушылар үшін ұйымдастырылады. Дегенмен, түрлі жағдайларға байланысты жазғы мектепке қатысты соңғы шешімді ата-аналар мен мектеп оқушылары өздері қабылдайды. Бірақ бұл жерде бірінші кезекте баланың мүддесін, оның болашағын ойлау керек. Сондықтан, түпкілікті шешім ата-ананың қолында екеніне қарамастан, біз өз тарапымыздан жазғы мектепке баруға кеңес береміз. Өйткені бұл, ең алдымен, балаларға қажет», - деді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақтыбаева Бақжамал Қаламқызы