24
қараша
2022
"Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары" тақырыбында ашық сабақ
А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектебінде “Табиғат адамзаттың өмірінің нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі” атты апталықтың аясында биология пәні мұғалімі Өскенбай Зауре Азаматқызы 9"Ғ" сынып оқушыларына, биология пәнінен "Зәр шығару жүйесінің гигиенасы. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты: 9.1.5.4 - бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру
Мұғалім сабақты Тақырыпқа байланысты суреттер мен сөздер жазылған «Қима қағаздар» арқылы топқа біріктіріп, сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақты сұрап,жаңа сабақты «Миға шабуыл» әдісі арқылы бастады. «Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары» жайлы бейнематериал көрсетілді Сабақ барысында: оқушылар топтық жұмысты «Кластер» әдісі бойынша және жеке, жұптық жұмыстар орындады. Сабақтың «Сергіту» сәтінде ширату жаттығулары жасалды . «Wordwall” платформасы арқылы «Шындық –жалған» тапсырмалары беріліп орындалды.Сабақтың бекіту сәті «Kahoot» платформасы арқылы тест тапсырмаларымен бекітілді. «3Қ» әдісі кері байланыс жасалды. Сабақ соңында үйге тапсырма «Бөліп шығару мүшелерінің қызметін сақтау» туралы эссе жазу беріліп, оқушылар 10 балдық жүйемен бағаланды.