Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ауа райының метеорологиялық элементтері" тақырыбында ашық сабақ
24
қараша
2022

"Ауа райының метеорологиялық элементтері" тақырыбында ашық сабақ

А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектебінде “Табиғат адамзаттың өмірінің нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі” атты апталықтың аясында география пәні мұғалімі Омарова Салтанат Мархабатқызы 7 "Д" сынып оқушыларына, география пәнінен "Ауа райының метеорологиялық элементтері" тақырыбында ашық сабақ өтті. 

Мақсаты: 7.3.2.6 - жергілікті жер мүмкіндігі бойынша температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық графикалық материалдарды жасайды.

Мұғалім сабақты «Жеребе» әдісі арқылы топқа біріктіріп, “Миға шабуыл” әдісі арқылы үй жұмысын сұрап,сабақты бастады.Жаңа сабақ түсіндірілді.Оқушылар метеорологиялық құралдармен танысып,тапсырмалар орындады. «Word wall» платформасы арқылы картамен жұмыс жасалды. Сабақты “Ұяшықтар”әдісі арқылы бекіту сұрақтары қойылып,қорытындылады.Оқушылармен кері байланыс жасалды.Сабақ соңында оқушылар бір бірін бағалап,үйге тапсырма берілді.