21
сәуір
2022
"Табиғат құбылыстары. Заттың қимылын білдіретін сөздер " тақырыбында ашық сабақ
21.04.2022ж А.Қарсақбаев атындағы 41жалпы білім беретін мектебінде "Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз" атты жас мамандар апталығының аясында жас маман Турсынбаева Жадыра Мырзаханқызы 1"Ж" сынып білім алушыларымен ана тілі пәнінен "Табиғат құбылыстары. Заттың қимылын білдіретін сөздер " тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты:"Заттың қимылын білдіретін сөздерді анықтау.Оларға сұрақ қою арқылы қимылын білдіретін сөздерді анықтау.
Мұғалім сабақты "Менің көңіл-күйім"әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастырумен бастады.Жыл мезгілдерін пайдалана отырып,топқа біріктірді. "Қар кесегі"әдісі арқылы өткен сабақты пысықтады.
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты.Оқушыларға топтық тапсырмалар орындатып, кітаппен, дәптермен,тақтамен жұмыстарды жасатты.Сабақ барысында "Қар кесегі","Ауа райы" әдістерін тиімді қолданды.