Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “A Beach story” тақырыбында ашық сабақ
22
сәуір
2022

“A Beach story” тақырыбында ашық сабақ

21.04.2022 жылы А.Қарсақбаев атындағы  №41 жалпы білім беретін мектебінде “Бүгінгі жас маман-болашақ білікті ұстаз” атты жас мамандар апталығының аясында жас маман Қорғанова Нұрсұлу Төрабекқызы 3 ”Ғ” сынып білім алушыларымен ағылшын тілі пәнінен “A Beach story” тақырыбында ашық сабақ өтті. 
Мақсаты: Судағы спорт түрлерінің атауын ағылшын тілінде жаза алу, жаттау.
Мұғалім сабақты "Менің саған тілегім" әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастырумен бастады. Smiles 3 кітабындағы кейіпкерлерді пайдалана отырып, топқа біріктірді. Оқушыларға топтық тапсырмалар орындатып, кітаппен, дәптермен, тақтамен жұмыстарды жасатты. Сабақ барысында  "Кім жылдам" ойыны ойнатылды.  "Миға шабуыл" , “Бес саусақ” әдістерін тиімді қолданды.