"Skyscraper farms" тақырыбында ашық сабақ » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Skyscraper farms" тақырыбында ашық сабақ
12
желтоқсан
2022

"Skyscraper farms" тақырыбында ашық сабақ

12.12.2022ж күні А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектебінде "Ұстаз болу-ұлы міндет"  атты тәлімгер ұстаздардың апталығының аясында Ашимова Балауса Сембеккызы 10"А" сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен "Skyscraper farms" тақырыбында ашық сабақ өтті.  
Мақсаты: 1) Таныс және кейбір бейтаныс жалпы оқу тақырыптарының кең ауқымы бойынша кеңейтілген мәтіндердегі негізгі ойларды түсіну
2) Future perfect and  Future perfect continuous  грамматикасын түсіндіріп,  жаттығулар орындату және қызықты ойындар ұйымдастыру арқылы оқушының бойына сіңіріп,  қалыптастыру
3) Топқа бөлу,  топқа бөлу тәсілдерінің түрлерін тәжірибеде қолдануға тиімділігі туралы бағыт бағдар бере отырып,  сыни ойлауды қажет ететін өзіндік пікірімен көзқарасын қалыптастыру арқылы ой қорыту,  өз ойларын жетілдірту арқылы оқыту мақсатқа жету
Мұғалім сыныпты екі түсті қағазды таңдау арқылы екі топқа бөлді. Сабақ барысында "jigsaw reading",  " Noughts and Crosses" ойындары әдіс-тәсілдерін қолдана білді,  топқа жеке сұрақ қою арқылы биік ғимараттардың қалай қолданылуы және пайдасын түсіндіру үшін А3форматта өз ойларын жеткізу арқылы сабақты қорытындылады,  кері байланыс жасап,  оқушыларды бағалады.