11-сынып түлектеріне Алматы қаласы DAMOO.kz орталығының менеджері Нұрсұлтан Есілбаев Мұхамедиярұлы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық туралы біраз ақпараттармен таныстырып өтт » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11-сынып түлектеріне Алматы қаласы DAMOO.kz орталығының менеджері Нұрсұлтан Есілбаев Мұхамедиярұлы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық туралы біраз ақпараттармен таныстырып өтт
02
ақпан
2023

11-сынып түлектеріне Алматы қаласы DAMOO.kz орталығының менеджері Нұрсұлтан Есілбаев Мұхамедиярұлы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық туралы біраз ақпараттармен таныстырып өтт

ҰБТ - ны өткізу елімізде өте үлкен жауапты шараға айналды. Түлектің әрі қарай жоғары оқу орнына түсіп білімін жалғастыру, жалғастырмауы осы ҰБТ - дің қорытындысына тікелей байланысты. Сол сияқты біздің де мойнымызда алда үлкен жауапкершілік артылған тапсырма тұр. Ол ҰБТ - дан сүрінбей өту, қалаған балыңызды алу. Бірақ, ол өздігінен келе қоймайды. Кез – келген талапкер үшін уақыт пен еңбекқорлық, ізденіс керек. А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып түлектеріне  Алматы қаласы DAMOO.kz орталығының  менеджері Нұрсұлтан Есілбаев Мұхамедиярұлы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық туралы біраз ақпараттармен таныстырып өтті. Оқушыларға мүмкіндігінше тақырып бойынша жарияланған тестілерді орындауды және де ешқашан тапсырманы жеңе алмайсың деген ойдан аулақ болуды айтып өтті. Әр бала өзіне сенімді болу керек, сонда ғана алға қойған мақсаттарға сүрінбей жетесіздер.