2021-2022 оқу жылындағы түлектері мемлекеттік грант иегері » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылындағы түлектері мемлекеттік грант иегері
19
тамыз
2022

2021-2022 оқу жылындағы түлектері мемлекеттік грант иегері

А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің 2021-2022 оқу жылындағы түлектері мемлекеттік грант иегері атанды. 
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022 жылғы білім гранттарын бөлу нәтижесін жариялады.
Министрлік алдағы оқу жылында бакалавриатқа 73 мыңға жуық грант бөлді. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы бакалавриатқа 56 мыңнан астам грант бөлінген болатын.
Білім гранттарын беру конкурсына қатысуға барлығы 80 мыңға жуық өтініш түскен. Бакалавриат гранттарына өтініш 13-22 шілде аралығында қабылданды.
А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің 2021-2022 оқу жылындағы түлектері мемлекеттік грант иегері атанды. Жоғары оқу орнына түскен түлектерімізді құттықтаймыз. 2021-2022 оқу жылын 37 оқушы, оның ішінде 1 «Алтын белгі» иегері тәмамдап, 10 оқушымыз мемлекеттік грант иегері атанып, қалаған жоғары оқу орнына түсті.