№4 педагогикалық кеңес » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №4 педагогикалық кеңес
24
наурыз
2023

№4 педагогикалық кеңес

А.Қарсақбаев атындағы №41жалпы білім беретін мектепте 2023жылдың 24 наурызында №4 педагогикалық кеңес болып өтті. Барлығы -136 мұғалім, қатысқаны-128, қатыспағаны -8 (белгілі себептермен).
Тақырыбы: « Педагогтың өзін-өзі жетілдіруі – профессионалды өсуінің негізі»
Мектеп директоры Доланбаева Ляззат Бекбосынқызы ұжымды наурыз мерекесімен және рамазан айымен құттықтап, отбасына амандық, шығармашылық табыс тіледі.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.

Бірінші мәселе бойынша тарих пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Қойсын Ерболатқызы тақырыпты Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығынан бастады. Оқулық 1922 жылы жарық көрген. Яғни осыдан 100 жылға жуық бұрын жазылған.Педагогтың өзін-өзі жетілдіруі, үздіксіз дамуы  үшін «Педагог мәртебесі» туралы заңда көрсетілген 7 педагогикалық әдеп қағидаттарды  басты назарда ұстау керек. Екіншіден педагогикалық шеберлікті меңгеру керек. Білімді болуға асық болу, ашық болу –әр мұғалімнің міндеті.
Екінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақтыбаева Бақжамал Қаламқызы 3-тоқсанның білім сапасы туралы айтып өтті. 
Үшінші мәселе бойынша 11-сынып оқушыларының қаңтар айында тапсырған тест қорытындысымен наурыз айында тестке тіркелген оқушылар жөнінде ақпарат берді. 
Мектеп директоры Доланбаева Ляззат Бекбосынқызы әр қаралған мәселенің шешімін айта келе, 4-тоқсанда оқушылардың білім сапасына, сабаққа қатысуы туралы тоқталып өтті.