Мектепішілік "Педагогикалық дебют-2022" атты байқауы өз мәресіне жетті » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік "Педагогикалық дебют-2022" атты байқауы өз мәресіне жетті
09
сәуір
2022

Мектепішілік "Педагогикалық дебют-2022" атты байқауы өз мәресіне жетті

Алматы қаласы, Алатау ауданы "А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте   04.04 - 08.04 аралығында жас  мамандарды кәсіби өсу мен шығармашылыққа, өзіндік дамуға ынталандыру және талантты  жас педагогтерді анықтау мақсатында өткен мектепішілік "Педагогикалық дебют-2022"  атты байқауы өз мәресіне жетті.
Байқауға  жас мамандар арасынан  10 жас маман қатысты.  Байқау ережеге сай төрт кезеңнен тұрды.     

1 кезең- "Менің мамандығым- мұғалім" тақырыбында презентация қорғау. 
2 кезең- "Мамандығым-мақтанышым" - Бейнесабақ. 3 кезең- "Мен-педагог" тақырыбында эссе жазу.
4 кезең —"Менің тәрбие сағатым".   Әр кезеңде жас мамандар өздерінің  шығармашылығын көрсете  білді. Әділ қазылар алқасы әр кезең бойынша қатысушылардың еңбегін бағалап,қорытындылап отырды. Байқаудың жабылу салтанатында мектеп директоры Доланбаева Ләззат Бекбосынқызы жас мамандарды марапаттады.
 "Бас жүлдені" мектебіміздің тәлімгері  Бектеналы Камила иемденді. 
Бірінші орын -ағылшын пәні мұғалімі  Қорғанова Нұрсұлу  жеңіп алса, екінші  орынды - орыс тілі пәні мұғалімі Бателхан Балжан мен ағылшын тілі мұғалімі Өмірханқызы Аруна иемденді.    Үшінші орынды - бастауыш сынып мұғалімі Чингизова Айгүл  және мектепалды даярлық тобының мұғалімдері Сағыналы Мадина мен Артықбаева Динара бөлісті , "Шығармашыл ұстаз"  номинациясын  математика пәні мұғалімі Ердәулет Нурила,  "Талапшыл ұстаз" номинациясын   ағылшын тілі пәні мұғалімі Амантай Абай , "Ізденімпаз ұстаз" номинациясы, бастауыш сынып мұғалімі Абилкожаева Аружанға берілді.
 Бұл  іс-шара – жас мамандарға  өзара  тәжірибе алмасуға көп септігін тигізді.