"Педагогикалық дебют-2022" атты байқау » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Педагогикалық дебют-2022" атты байқау
06
сәуір
2022

"Педагогикалық дебют-2022" атты байқау

Алматы қаласы, Алатау ауданы А. Қарсақбаев атындағы №41ЖББМ" КММ жас мамандардың жетекшісі Мамедова Райхан Балаяровнаның ұйымдастыруымен  мектепішілік "Педагогикалық дебют-2022"  атты байқау болды. 
Мақсаты: жас  мамандарды кәсіби өсу мен шығармашылыққа, өзіндік дамуға ынталандыру,  талантты және жас педагогтерді анықтау. 
Байқауға 9 жас маман қатысты. Байқау ережеге сай төрт кезеңнен тұрды. 1 кезең- "Менің мамандығым- мұғалім" тақырыбында презентация қорғау. 2 кезең - "Мамандығым-мақтанышым" - Бейнесабақ. 3 кезең- "Мен-педагог" тақырыбында эссе жазу.
4 кезең —"Менің тәрбие сағатым".   Әр кезеңде жас мамандар өздерінің шығармашылығын көрсетіп, бағалау критерийлер жүргізілді.  Байқаудың  әрбір кезеңінің жеңімпаздарын арнайы құрылған әділ қазылар мүшелерінің қорытындысы бойынша  жинаған балымен айқындады. Байқау жалғасуда.
Байқауға төрелік еткен мектеп директоры Доланбаева Ләззат Бекбосынқызы және қазылар алқасы мүшелерінің шешімі 8.04.22ж.  жарияланады.