Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен жиналыс » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен жиналыс
06
сәуір
2023

Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен жиналыс

5 сәуір 2023 жылы А.Қарсақбаев атындағы № 41ЖББ мектепте ата-аналар жиналысы өтті. Барлығы -47, қатысқаны -40
Тақырыбы: «Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен жиналыс»
Күн тәртібінде:
1. Ағымдағы мәселелер. «Ақша жинамау» туралы бұйрықпен таныстыру Мектеп директоры Л.Б.Доланбаева
2.Ұлттық Бірыңғай тестілеу туралы таныстыру.  ДОІЖО Бақтыбаева Б.Қ
3. Оқушылардың қаңтар және наурыз айларынды тапсырған ҰБТ қорытындысы  
ДОІЖО Бақтыбаева Б.Қ
1-ші мәселе бойынша мектеп директоры Доланбаева Ляззат Бекбосынқызы сөз алды. Ата-аналарды ораза айымен құттықтап, балаларына сәттілік тіледі. 11-сынып оқушыларының формасы, сабаққа қатысуы, сабақ кестесі бойынша оқулықтың әкелінуі туралы айтып өтті.Сабақтан тыс уақытта немен айналысыатынын, кешкі мезгілде ешқайда шықпауын баса назарда ұстау керектігін ескертті. «Соңғы қоңырау» 1-маусымда өтетіндігі хабарланды.«Ақша жинамау» туралы бұйрықпен таныстырды. Мерекелік дастархан жаю, автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасауға болмайтынын, салтанатты жиындарға ешқандай ақша жиналмайтынын, мектеп бітіру кешін ұйымдастырмауды қатаң ескертті.Соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру салтанатты жиындарынан кейін баламды немесе қызымды өзіммен үйге алып кетемін деген мәтінде ата-аналардан қолхат алынады. Барлықтарыңыз жазып бересіздер деді.
2-ші  мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бактыбаева Бакжамал Каламовна сөз алды. Ата-аналарға ҰБТ туралы ақпарат берді. 2022-2023 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектерге  электронды форматта ҰБТ- ғы тапсырудағы әр қадаммен таныстырды. ҰБТ-ға мамыр айында толық уақытымен тіркелсін. Егер кешігіп қалса, қосымша уақыт берілмейді. ҰБТ-ға қатысушы өзімен әкелген заттарын – нөмірленген  және кілті бар шкафқа салып, кілтін өзімен алып кіреді. ҰБТ-ны тапсыруға өзімен ЖЕКЕ КУӘЛІКТІҢ ТҮПНҰСҚАСЫН, ҚАЛАМСАП, ҚАРАНДАШ, СЫЗҒЫШ, ДӘРІ  (қажеттілік туындаған жағдайда),  0,5 БУТЫЛКАДАҒЫ СУДЫ алып кіруге болады. ҰБТ-ға қатысушы джинсы, шорты, спорттық  киімде баруға болмайды. ҰБТ-ға кіретін уақыттан 1 және 1,5 сағат ерте бару керек.
3-ші мәселе бойынша қаңтар және наурыз айларындағы тапсырған ҰБТ қорытындысына тоқталып, талдау жасады. 
Мектеп психологы Б.К.Есенова сөз алды.Оқушылардың ата-аналарымен тренинг жасады. Жәнеде оқушылардың тестке барар алдында тамақтануы  туралы,егер төмен балл алса баланың көңіл-күйін түсірудің қажеті жоқ екендігін айтып өтті. Пән мұғалімдері оқушылардың білім сапасы, тәртібі туралы айтып өтті.
Жиналыстың соңында қорытындылай келе ата-аналар өз ойларын ортаға салды.