15
сәуір
2024
“Менің сүйікті кітабым” атты Республикалық челлендж бойынша Алатау ауданының мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен оқушылар арасында Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы бойынша қойылым көрсетілді.
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында “Менің сүйікті кітабым” атты Республикалық челлендж бойынша Алатау ауданының мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен оқушылар арасында Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы бойынша қойылым көрсетілді. Шараға біздің мектебіміздің 5 «А» сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары қойылым барысында кішкентай Қожаның бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы қызықты сәттерінен қойылым көрсетті. Шара соңында оқушыларымыз арнайы дипломмен марапатталды. Оқушыларға жетекшілік еткен Капсаланова А.К., шараны өткізуге ат салысқан Шарипханова А.Е. мектеп кітапханашысы Кабдулкаримова А.Д. марапатқа ие болды.