20
ақпан
2021
«Директорлық сенбі-ата-ана үні» атты тақырыпта 5-9 сынып ата-аналарына жалпы жиналыс
А.Қарсақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Директорлық сенбі-ата-ана үні» атты тақырыпта 5-9 сынып ата-аналарына жалпы жиналыс өтті.
Ата-аналарға арналған онлайн-сұхбатқа мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологы, мектептің аға тәлімгері және мектептің 5-9 сынып оқушыларының ата-аналары мен сынып жетекшілері қатысты. Кездесу барысында ата-аналар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, өте белсенді болды. Кездесу соңында ата-аналар өзекті мәселелер қозғалғанын және өздеріне қажетті толық ақпарат алғандарын айтып, екі жақты байланыс үшін мектеп әкімшілігіне алғыстарын айтты.