Ақпарат » Страница 7 » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мектеп асханасындағы ас мәзірі» тақырында  QR сілтемесі арқылы сауалнама алынды.
14
ақпан
2024
«Мектеп асханасындағы ас мәзірі» тақырында QR сілтемесі арқылы
14.02.2024 жылы А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектебінде «САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ МЕКТЕБІ» айлығы аясында 3-сынып оқушыларымен «Мектеп асханасындағы ас мәзірі» тақырында  QR сілтемесі арқылы сауалнама алынды. Мақсаты:  •Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту.Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау. •Дүниетанымын, ой - өрісін пәнге деген қызығушылығын арттыру.  •Дұрыс тамақта білуге тәрбиелеу.
"Өзін-өзі" басқару ұйымының ұйымдастырумен  "Қоғамдық тәртіп негіздері"  тақырыбында мектебіміздің инспекторы мен  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.О. Абдрахманова 8-11 сынып оқушыларына жиналыс жасады.
14
ақпан
2024
"Өзін-өзі" басқару ұйымының ұйымдастырумен "Қоғамдық тәртіп
А. Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектепте "Өзін-өзі" басқару ұйымының ұйымдастырумен  "Қоғамдық тәртіп негіздері"  тақырыбында мектебіміздің инспекторы мен  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.О. Абдрахманова 8-11 сынып оқушыларына жиналыс жасады.   Мақсаты:  Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп
"Балалардың тамақтанудағы балықтың рөлі" тақырыбында түсіндірілмелі жұмыс
13
ақпан
2024
"Балалардың тамақтанудағы балықтың рөлі" тақырыбында түсіндірілмелі
13.02.2024 жылы А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектебінде“САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ МЕКТЕБІ”айлығы аясында «Балалардың тамақтанудағы балықтың рөлі» тақырыбында түсіндірілмелі жұмыстар жүргізілді. Мақсаты:  •оқушыларға дұрыс тамақтану түрлерін үйрету, балық өнімдерінің адам ағзасы үшін пайдалы жақтарын түсіндіру. #САЛАУАТТЫТАМАҚТАНУМЕКТЕБІ
“Денсаулыққа пайдалы тағамдар” тақырыбында диетолог маманмен кездесу
12
ақпан
2024
“Денсаулыққа пайдалы тағамдар” тақырыбында диетолог маманмен кездесу
12.02.2024 жылы А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектебінде“САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ МЕКТЕБІ”айлығы аясында 1-сынып оқушыларына “Денсаулыққа пайдалы тағамдар” тақырыбында диетолог маманмен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: • Дұрыс емес тамақтанудың себептерін анықтау. • Пайдалы және зиянды тағамдық заттармен таныстыру. • Тамақтану ережелерін жаттау. • Ұзақ өмір сүру үшін басты себеп - дұрыс тамақтана білуге тікелей байланысты екенін ұғындыру. • Дұрыс тамақтана білу мәдениетіне тәрбиелеу.
"Салауатты ұрпақ-жарқын болашақ" атты түсіндірмелі жұмыс.
09
ақпан
2024
"Салауатты ұрпақ-жарқын болашақ" атты түсіндірмелі жұмыс.
А. Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектепте "Жас ұлан"  ұйымымен мектеп президентінің ұйымдастыруымен "Салауатты ұрпақ-жарқын болашақ"  тақырыбында мектебіміздің медбикелері 6-сынып оқушыларына түсіндірмелі жұмыстар жасады. Бұл іс-шараға мектебіміздің әлеуметтік педагогы Бектенаks К.Т.  қатысты.  Мақсаты:  оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау,  жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.
«Жемістер әлеміне саяхат» атты сахыналық қойылым
09
ақпан
2024
«Жемістер әлеміне саяхат» атты сахыналық қойылым
09.02.2024 жылы А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектебінде“САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ МЕКТЕБІ”айлығы аясында «Жемістер әлеміне саяхат» атты сахыналық қойылым ұйымдастырылды. Мақсаты:  •Балалардың дұрыс тамақтануы, көкөністерді, жемістерді, жидектерді және басқа да пайдалы өнімдерді пайдалану қажеттілігі туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту. Салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде рационалды тамақтану туралы түсінік беру; •Балалардың алған білімдерін, ой-өрісін жетілдіру, сөйлеу мәдениетін
4-сыныптары арасында ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай,оқушылар арасында мектепшілік "Жырлайды жүрек"тақырыбында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан және өлеңдеріне жазылған  әндерді орындаудан байқау өтті.
09
ақпан
2024
4-сыныптары арасында ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне
09.02.2024ж .А.Қарсақбаев атындағы 41 жалпы білім беретін мектептің 4-сыныптары арасында ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай,оқушылар арасында мектепшілік "Жырлайды жүрек"тақырыбында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан және өлеңдеріне жазылған  әндерді орындаудан байқау өтті.  Мақсаты:М. Мақатаевтың өлеңдерін жатқа айтуға,әндерін нақышына келтіріп орындауға баулу,оқушыларды елжандылыққа,мәнерлеп оқуға тәрбиелеу,поэзия туралы білімдерін дамыту.
"Білім алушыларға «ҚАЗАҚ ТІЛІ» пәнінен 5-8,10-сыныптарда емтихан өткізу тәртібі" тақырыбында  директор жанындағы кеңес болып өтті.
08
ақпан
2024
"Білім алушыларға «ҚАЗАҚ ТІЛІ» пәнінен 5-8,10-сыныптарда емтихан
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 8 ақпан 2024 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақтыбаева Бақжамал Қаламқызының ұйымдастыруымен "Білім алушыларға «ҚАЗАҚ ТІЛІ» пәнінен 5-8,10-сыныптарда емтихан өткізу тәртібі" тақырыбында  директор жанындағы кеңес болып өтті. Бақжамал Қаламқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне емтихан өткізу және ұйымдастыру туралы көптеген ақпараттар айтты. Емтихан ұстанымдары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыс жүргізді.
«Үнемділік-Ырыс, Ысырапшылық- Шығыс» атты сыныпаралық сайыс
08
ақпан
2024
«Үнемділік-Ырыс, Ысырапшылық- Шығыс» атты сыныпаралық сайыс
09.02.2024 жылы А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектебінде“САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ МЕКТЕБІ”айлығы аясында «Үнемділік-Ырыс, Ысырапшылық- Шығыс» атты сыныпаралық сайыс ұйымдастырылды.Мақсаты:  •Оқушыларға үнемдеу мен ысырап жайлы мағлумат бере отырып, олардын шығу жолдарын түсіндіріп, күнделікті өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу;