Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мақал- сөздің мәйегі " атты мақал- мәтел сайысы
27
қыркүйек
2021
"Мақал- сөздің мәйегі " атты мақал- мәтел сайысы
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ 27.09.21 ж 3- сынып оқушылары арасында "Мақал- сөздің мәйегі " атты мақал- мәтел сайысы өткізілді. Сайыс мақсаты: жас ұрпақты шешендікке,алғырлыққа,тапқырлыққа баулу.Сайыс "Кім көп біледі?" , "Мақалды жалғастыр" , " Тез ойла" деп аталатын 3 кезең бойынша өткізілді. Оқушылар барлық кезең бойынша тапқырлықтарын,алғырлықтарын көрсетіп,белсене қатысты. Сайыс соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
"Тіл-ұлы байлық" атты мәнерлеп оқу сайысы
27
қыркүйек
2021
"Тіл-ұлы байлық" атты мәнерлеп оқу сайысы
А.Қарсақбаев атындағы №41ЖББМ 27.09 2021ж күні  "Тіл-ұлы байлық" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.Балалар үш тілді жетік меңгергендіктерін  сонымен қатар өте жоғарғы деңгейде дайындалғандарын жеткізе білді. Қатысқандар: Бастауыш сыныбынын бірлестік жетекшісіБайділдаева Жанна Жаңбырбайқызы 4сынып жетекшілері қатысты.
«Қазақ тілім-ана тілім, Тамыры терең баба тілім» атты тақырыпта әдеби кеш
25
қыркүйек
2021
«Қазақ тілім-ана тілім, Тамыры терең баба тілім» атты тақырыпта әдеби
Алматы қаласы Алатау ауданы "Абдолла Қарсақбаев атындағы №41ЖББМ" Тілдер мерекесінің аясында 24 қыркүйекте қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Қазақ тілім-ана тілім, Тамыры терең баба тілім» атты тақырыпта әдеби кеш өтті. Кеш қонағы ақын-жазушы Есей Жеңісұлы мен мектеп директоры Доланбаева Ляззат Бекбосынқызы оқушыларға тағылымдық ойларымен бөлісті. Оқушылар шығармашылығынан өлеңдер оқылып, сазды әуенді концертпен жалғасын тапты. Мектеп кітапханашымыз Кабдулкаримова
5 сыныптар бойынша ата-аналар жиналысы өтілді
24
қыркүйек
2021
5 сыныптар бойынша ата-аналар жиналысы өтілді
А.Қарсақбаев атындағы 41ЖББМ-те 22.09.2021 күні 5 сынып ата-аналар жиналысы өтілді.  Тақырыбы: “Баланың бас ұстазы - ата ана” Мақсаты:  🔹Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; 🔹Оқу - тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастығын нығайту.
«Өзін  -өзі басқару ұйымының» кезекті отырысы
24
қыркүйек
2021
«Өзін -өзі басқару ұйымының» кезекті отырысы
Мектебімізде 24 қыркүйек күні оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын «Өзін  -өзі басқару ұйымының» кезекті отырысы өтті. Мақсаты: Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуді қалыптастыру. Оқушының дүние - танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой – өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін – бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. «Өзін – өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын
8-сынып жалпы  ата-аналар жиналысы
23
қыркүйек
2021
8-сынып жалпы ата-аналар жиналысы
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 23.09.2021 ж күні  8-сынып жалпы  ата-аналар жиналысы өтті.   Күн тәртібінде қаралған мәселелер:  1. "Баланың бас Ұстазы - ата-ана"  2.  Еліміздің пандемия жағдайына байланысты сақтық шараларын сақтау және оқушылардың өмір қауіпсіздігі; 3. Ағымдағы мәселелер;  Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, тиімді қарым-қатынас орнату. Күн тәртібінде қаралған
«Үш тұғырлы тіл» атты іс – шара
23
қыркүйек
2021
«Үш тұғырлы тіл» атты іс – шара
      Алматы қаласы Алатау ауданы  «Абдолла Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектеп»  22 қыркүйек халықаралық тілдер мерекесіне орай  «Үш тұғырлы тіл»  атты іс – шара ұйымдастырылуда.       Мақсаты:  Жас ұрпақты ана тілінің қадір -қасиетін түсіне білуге, тілге деген құрметтерін арттыру, тіл мәртебесін көтеру. Тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамыту. Ана тіліміздің мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету. Қазақстан
Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында 9-сыныптарға қыздар жиналысы өтті
22
қыркүйек
2021
Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында 9-сыныптарға қыздар жиналысы
22.09.2021ж "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында 9-сыныптарға қыздар жиналысы өтті. Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып ,қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына ,тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру , олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Жиналыста дәрігер- гинеколог Абдрасулова Р.Р оқушылармен пайдалы кеңестерімен бөлісті.
"Қыздың ары-ұлттың ары" тақырыбында 7-8 сыныптарға қыздар жиналысы өтті
21
қыркүйек
2021
"Қыздың ары-ұлттың ары" тақырыбында 7-8 сыныптарға қыздар жиналысы
20-21.09.2021 ж "Қыздың ары-ұлттың ары" тақырыбында 7-8 сыныптарға қыздар жиналысы өтті. Мақсаты:Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып ,қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына ,тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру , олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Жиналыста дәрігер- гинеколог Абдрасулова Р.Р оқушылармен пайдалы кеңестерімен бөлісті.
9-11 сыныптар арасында  «Қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелері» атты лекция өткізілді
21
қыркүйек
2021
9-11 сыныптар арасында «Қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелері»
А.Қарсақбаев атындағы  №41 жалпы білім беретін метепте 14.09.2021 ж күні 9-11 сыныптар арасында  «Қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелері» атты лекция  өткізілді. Лекцияны Алатау АПБЮПБ полиция капитаны Мурзалиева Аида Бекзатханқызы  өткізді Мақсаты :Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу сондай-ақ білім беру ұйымдарының оқушылар арасында қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу,құқық қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау,кәмілетке толмаған арасындағы құқық бұзушылықтардың