«Кітап-білім бұлағы» әдеби-көркем кітап көрмесі өтті » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Кітап-білім бұлағы» әдеби-көркем кітап көрмесі өтті
18
сәуір
2019

«Кітап-білім бұлағы» әдеби-көркем кітап көрмесі өтті

Нұр Отан партиясының «Бірыңғай онлайн кітапханасы» атты жобасы аясында А. Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектепте 18.04.2019 жылы мектеп ұстаздары  мен  оқушыларына  «Кітап-білім бұлағы» әдеби-көркем кітап көрмесі өтті. 

         Еліміздегі кітапханалар заманауи білім орталығы ретінде қайта құрылып, кітап қорының электронды нұсқалары дайындалатыны туралы айтылды. Яғни, біріңғай онлайн кітапхана жасалады. Келген оқырман өзіне қажетті оқулықты осы кітапханадан алады.  Ол осы кітапханада бар оқулық бола ма, орталық кітапханалардағы оқулық бола ма немесе шетелдік кітапханалардағы оқулық бола ма, соларға қол жетімді жұмыс жасайды.  Мектеп кітапханашысы А. Кабдулкаримова онлайн арқылы электронды оқулықтарды қалай пайдалану керектігін бірнеше оқулықтарды ашып көрсетті. «Кітап-білім бұлағы» әдеби-көркем кітап көрмесімен таныстырды. Соның ішінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына тоқталып өтті.