Жетістіктеріміз » Страница 2 » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мырзахметұлы Фазылжан ағайымыз "Қазақстан Республикасының құқықтық тәртіп әскеріне 30 жыл" кеуде белгісімен марапатталды
11
қаңтар
2023
Мырзахметұлы Фазылжан ағайымыз "Қазақстан Республикасының құқықтық
Мектебіміздің ұлағатты ұстазы алғашқы әскери даярлық пән мұғалімі Мырзахметұлы Фазылжан ағайымыз "Қазақстан Республикасының құқықтық тәртіп әскеріне 30 жыл" кеуде белгісімен марапатталды.
“Дарынды балаға-талатты ұстаз 2022”
07
қараша
2022
“Дарынды балаға-талатты ұстаз 2022”
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығының ұйымдастыруымен өткен, “Дарынды балаға-талатты ұстаз” атты республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезіңінен, мектебіміздің Аға тәлімгері Бектеналы Камила Тұрсынбекқызы жүлделі 3-орынды иеленді.
“Дарынды балаға-талатты ұстаз” республикалық педагогикалық олимпиадасы
04
қараша
2022
“Дарынды балаға-талатты ұстаз” республикалық педагогикалық олимпиадасы
“Дарынды балаға-талатты ұстаз” республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезіңінен мектебіміздің Аға тәлімгері Бектеналы Камила Тұрсынбекқызы жүлделі 2-орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз
"Қазақстанның болашақ келбеті" жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының 2-ші кезеңі
13
қазан
2022
"Қазақстанның болашақ келбеті" жас сарапшыларды қолдау
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институтының ұйымдастыруымен өткен "Қазақстанның болашақ келбеті" жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының 2-ші кезеңінің нәтижесінде Алматы қаласы, Алатау ауданы "А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектебінің" тарих пәні мұғалімі, магистр Абдильдинова Лашын Батырхановна зерттеу орталығының директоры Еркін Тұқымовтың арнайы сертификатымен маратталды.
"Үздік ашық сабақ" номинациясының иегері
26
наурыз
2022
"Үздік ашық сабақ" номинациясының иегері
Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің  жас педагогтері арасында ұйымдастырылған "Өз жұлдызыңды жақ!" атты байқауға қатысып, өзінің шеберлігін көрсеткен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Нұрғалиева Гүлшат Ерсінқызы "Үздік ашық сабақ" номинациясының иегері атанды. Гүлшат апайға жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуларыңызды тілеймін.
"Ең үздік тәрбие сағаты" номинациясының иегері
24
наурыз
2022
"Ең үздік тәрбие сағаты" номинациясының иегері
Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің  жас педагогтері арасында ұйымдастырылған "Өз жұлдызыңды жақ!" атты байқауға қатысып, өзінің шеберлігін көрсеткен математика пәнінің мұғалімі Кайпыев Асханбек "Ең үздік тәрбие сағаты" номинациясының иегері атанды. Асханбек ағай! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіз. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерейіңіз үстем болсын!
"ТМД- ның үздік педагогы- 2021" атты халықаралық байқауының жеңімпазы
30
желтоқсан
2021
"ТМД- ның үздік педагогы- 2021" атты халықаралық байқауының жеңімпазы
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген "ТМД- ның үздік педагогы- 2021" атты халықаралық байқауына қатысып, бірінші дәрежелі дипломмен  мектебіміздің дене шынықтыру пән мұғалімі Фазылжанұлы Маулен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!
"Қоғам белсендісі үздік көшбасшы" атты байқауының жеңімпазы
28
желтоқсан
2021
"Қоғам белсендісі үздік көшбасшы" атты байқауының жеңімпазы
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Қоғам белсендісі үздік көшбасшы" атты байқауына қатысып жеңімпаз атанған мектебіміздің алғашқы әскери даярлық пән мұғалімі Мырзахметұлы Фазылжан ағайымыз бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Құтты болсын!