Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ең үздік тәрбие сағаты" номинациясының иегері
24
наурыз
2022
"Ең үздік тәрбие сағаты" номинациясының иегері
Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің  жас педагогтері арасында ұйымдастырылған "Өз жұлдызыңды жақ!" атты байқауға қатысып, өзінің шеберлігін көрсеткен математика пәнінің мұғалімі Кайпыев Асханбек "Ең үздік тәрбие сағаты" номинациясының иегері атанды. Асханбек ағай! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіз. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерейіңіз үстем болсын!
"ТМД- ның үздік педагогы- 2021" атты халықаралық байқауының жеңімпазы
30
желтоқсан
2021
"ТМД- ның үздік педагогы- 2021" атты халықаралық байқауының жеңімпазы
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген "ТМД- ның үздік педагогы- 2021" атты халықаралық байқауына қатысып, бірінші дәрежелі дипломмен  мектебіміздің дене шынықтыру пән мұғалімі Фазылжанұлы Маулен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!
"Қоғам белсендісі үздік көшбасшы" атты байқауының жеңімпазы
28
желтоқсан
2021
"Қоғам белсендісі үздік көшбасшы" атты байқауының жеңімпазы
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Қоғам белсендісі үздік көшбасшы" атты байқауына қатысып жеңімпаз атанған мектебіміздің алғашқы әскери даярлық пән мұғалімі Мырзахметұлы Фазылжан ағайымыз бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Құтты болсын!
ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай құттықтаулар
15
желтоқсан
2021
ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай құттықтаулар
ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай, білім саласындағы ерен еңбегі мен еліміздің өркендеуіне өзіндік үлес қосқаны үшін А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектебінің бір топ ұстаздары  мақтау қағазымен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын!
Мектептің директоры Доланбаева Ляззат Бекбосынқызы Алатау ауданы әкімі  Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлының атынан АЛҒЫС ХАТПЕН  марапаты
16
қараша
2021
Мектептің директоры Доланбаева Ляззат Бекбосынқызы Алатау ауданы
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің директоры Доланбаева Ляззат Бекбосынқызы,  2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді ат салысқаны үшін,  Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі  Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлының атынан АЛҒЫС ХАТПЕН  марапатталды.  Құттықтаймыз!!!
«Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың аудандық кезеңің иегері
23
қазан
2021
«Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың
А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Жамбыл Балжан туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтау,  олардың шығармашылық қабілетін, Отанына деген мақтанышын арттыру мақсатында өтілген «Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың аудандық кезеңіне қатысып, «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша 3-орынды иеленді.
"2021 жылдың құсы -Бірқазан" суреттер мен қолөнер бұйымдарының  қалалық байқауы
22
қазан
2021
"2021 жылдың құсы -Бірқазан" суреттер мен қолөнер бұйымдарының
"Оқушылар сарайы" МКҚК Экологиялық -биологиялық бөлімі  басшылығымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  "Жас натуралист"ұйымында ұйымдастырылған "2021 жылдың құсы -Бірқазан" суреттер мен қолөнер бұйымдарының  қалалық байқауына оқушыларды дайындап, жүлделі  2-3  дәрежелі диплом және алғыс хаттар иеленгені үшін химия пәні мұғалімі Тузелбаева Б.Н  алғыс хатпен марапатталды.
"Дарынды балаларға-талантты ұстаз"  аудандық іріктеу кезеңі
20
қазан
2021
"Дарынды балаларға-талантты ұстаз" аудандық іріктеу кезеңі
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ 20.10.2021 күні Алатау ауданы бойынша өткізілген "Дарынды балаларға-талантты ұстаз" аудандық іріктеу кезеңіне  жас маман- ағылшын пәні мұғалімі  Қорғанова Нұрсұлу Төребекқызы қатысып, "Жаңашыл көзқарас" номинациясымен марапатталды.  Байқаудың мақсаты:  жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін  және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау , білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.  
"Кәсіби шебер ұстаз" наминациясы
19
қазан
2021
"Кәсіби шебер ұстаз" наминациясы
А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ 19.10.2021 күні Алатау ауданы бойынша өткізілген Педагогикалық идеялар фестивалі байқауына  география пәні мұғалімі  Байдилдаева Ж. Ж қатысып "Кәсіби шебер ұстаз" наминациясымен марапатталды.  Байқаудың мақсаты: мұғалімдердің озық педагогикалық идеяларын насихаттау.  
Республикалық Ғылыми және оқу-әдістемелік мақалалар жинағына жарияланған мақала
18
қазан
2021
Республикалық Ғылыми және оқу-әдістемелік мақалалар жинағына
Республикалық Ғылыми және оқу-әдістемелік мақалалар жинағына жарияланған мақаласы үшін А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ Кабдулкаримова Алмагуль Дүйсеновнаға сертификат берілді.