ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдары туралы ата-аналармен жиналысы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдары туралы ата-аналармен жиналысы
16
қыркүйек
2023

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдары туралы ата-аналармен жиналысы

Мектебімізде 16 қыркүйек күні, сағат 11:00-де мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жас ұрпақ бойына адамгершілік, шыншылдық мәдениетін сіңіру жолдарын жан-жақты талдау болды.
    Жиналыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды. 
1. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
 Тарих пәнінің мұғалімі: Жұмағалиева Қ.Е.
2. "Адал ұрпақ" мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы және оның атқарып жатқан жұмыстары туралы
Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары: 
Абдрахманова А.О.
3. «Жемқорлық індет-жою міндет» (пікірталас)
Аға тәлімгер: Сайран Г.
Жиналыс барысында ата-аналар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларымен, заңдармен таныстырылып, жан-жақты мағлұмат алды. . Сонымен қатар, мектепте бала бойына адамгершілік, шыншылдық мәдениетін сіңіру жолдары туралы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта балалармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған   іс-шараларға белсенді түрде қатысатындарын айтты.