«Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
13
ақпан
2023

«Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

2023 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу қатысушыларының деректер базасын қалыптастыру бойынша нұсқаулық хат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ): 
1) қалауы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
 2) ЖЖОКБҰ-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар шартты түрде қабылданған тұлғаларға;
 3) ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғаларға; DOC ID KZOIIGI2022100311720A1D754
 4) ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғаларға өткізіледі. 
Аталған тұлғалар ҰБТ-ға қатысу үшін өтінішті 2022 жылғы 20 желтоқсан мен 2023 жылғы 6 қаңтар аралығында онлайн түрде Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – Орталық) сайты арқылы береді. 
1. Өтініш беру рәсімі: 1) https://app.testcenter.kz/ сайтына кіру және интерфейс тілін таңдау; 2) электрондық поштаны көрсете отырып, тіркеуден өту (тіркеуден өту кезінде көрсеткен электрондық поштаға келген хат арқылы міндетті түрде сол электрондық поштаны растау қажет). Бұл ретте, логин – өтініш берушінің тіркеуден өткен электрондық поштасы, ал пароль – электрондық поштаға бекітілген құпия сөз (электрондық поштаға келген паролі бар хатты 2023 жылдың соңына дейін жоюға болмайды); Ескерту: Өтініш бергеннен кейін өз электрондық поштаңызды және поштаңызға кіру поролін жоғалтпау сұралады. Жеке кабинетіңіздің логинін жаңа почтаңызға ауыстыру тек Орталық тарапынан жүзеге асырылады. 
3) ЖСН көрсету және іздеу батырмасын басу (тегі, аты және әкесінің аты автоматты түрде шығады) және байланыс телефоны нөмірін көрсету (міндетті түрде). Ескерту:Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері (18 жасқа толмаған) атаанасының немесе заңды өкілінің ТАӘ және байланыс телефонын міндетті түрде енгізу қажет. 
4) «Өтініш беру» бөлімін таңдап, қатысушы санатын көрсету; 
5) қажетті тіркеу деректерін толтыру және келесі мәліметтерді таңдау қажет: - тест тапсыру тілін; - бейіндік пәндер комбинациясын; - тестілеу күні, уақыты және орнын; - ҰБТ ережелерімен мұқият танысу.
 6) тестіленушінің келісімімен және міндеттемесімен, сондай-ақ 18 жасқа толмаған ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің осы құжаттағы тармақтарымен мұқият танысу; 
7) тестілеу үшін қалаған төлем әдісін таңдап, төлем жасау: Тестілеуге қатысу үшін төлемді келесі тәсілдермен жүзеге асыруға болады: - банк картасымен төлеу арқылы онлайн (банк картасымен төлеуді таңдаған кезде бағдарламада автоматты түрде төлем сайты ашылады); - Kaspi.kz-пен төлеу арқылы онлайн (Kaspi.kz-пен төлеуді таңдаған кезде тапсырыс нөмірі қалыптастырылып, QR немесе Kaspi.kz сайты арқылы төлеу қажет); Ескерту: Тапсырыс нөмірін қалыптастырғаннан кейін бір сағат (60 минут) ішінде төлем жасамаған жағдайда, өтініш жойылады. 
8) «Менің іс-әрекетім» бөлімінде төлем жасағаннан кейін, қажет болған жағдайда өтінішке өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі (тест тапсыру тілі, бейіндік пәндер комбинациясы). Ескерту: өтініш бергеннен кейін тестілеу күнін, уақытын және орнын өзгертуге болмайды. DOC ID KZOIIGI2022100311720A1D754 
2. Ерекше мәртебесін растайтын құжаты бар («Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген) ерекше қажеттілігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) ҰБТ-ға өтініш беру бағдарламалық жасақтамасына «мүгедектігі туралы анықтама» құжаттарын жүктейді және қосымша көмекші қажеттілігі бойынша мәліметті растайды. 
3. Төлемді қайтару бойынша: ҰБТ-ға өтініш беруші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет. Бұл жағдайда тестілеу үшін төлем келесі құжаттарды uto@testcenter.kz электронды поштасына ұсынған кезде қайтарылады: 1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы тестіленушіден өтінішті; 2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртек; 3) жеке куәліктің көшірмесі; 4) төлем картасының көшірмесі (алдыңғы жағы); 5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшоты. Сондай-ақ тестілеу үшін төлем өтініштер қабылдау деректер базасы жабылғаннан кейін мынадай жағдайларда қайтарылады: - бір тестілеу үшін бір кезеңде екі рет қателесіп төлем жасаса (қосарланған төлем); - тестілеу үшін ақы төлеп, бірақ тестілеуге өтінішін бермесе; - жақын туысының қайтыс болуына байланысты тестілеуге қатыспаса және растайтын құжаттарды ұсынса; - денсаулығына байланысты емделуде немесе карантинде болса және осы бойынша растайтын құжаттарды ұсынса; - тергеуде болса немесе жол көлік оқиғасына ұшыраған болса және осы бойынша растайтын құжаттарды ұсынса. Өзге жағдайларда тестілеу үшін төленген ақша қаражаты қайтарылуға жатпайтынын атап өтеміз.
 4. Тестілеу туралы ақпарат алу: Өтініш тіркелгеннен кейін тестілеуді тапсыру орны мен уақыты туралы ақпарат тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Тестілеу туралы ақпаратпен танысу үшін тестіленушінің өзі жауапты болып табылады. Тестілеуге дәлелсіз себеппен келмеген жағдайда осы мерзімдегі тестілеуге қайта өтініш беру мүмкін емес болып табылады. Егер тестіленуші Қағидалардың 16 тармағына сәйкес көрсетілген себептерге байланысты тестілеуге келмесе Орталық ҰБТ өткізу кезеңінде бос орын болған жағдайда келесі күндердің біріне қатысуға мүмкіндік береді: - денсаулық жағдайы бойынша №026/е нысанға сәйкес дәрігерлікконсультациялық комиссияның қорытындысы; - жақын туыстарының қайтыс болуын растайтын құжаттар; - төтенше жағдайлар болған кезде растайтын құжаттар талап етіледі. Бұл ретте анықтама №026/е нысан Орталықпен тексеріледі. DOC ID KZOIIGI2022100311720A1D754
 5. Тестілеуге кіргізу оқуға түсушінің жеке басын сәйкестендіру үшін адамның бет-әлпетін көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы және тестіленушінің сыртқы келбетін жеке басын растайтын құжатпен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын растайтын құжаты жоқ адамдарда білім беру ұйымынан бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған суреті бар анықтама (Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан) және туу туралы куәлік болуы тиіс. Шетелде білім беру ұйымдарын бітірген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдардың паспорты болуы тиіс. Орталықтың қызметшілері және ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларының жауапты хатшылары түсушілерді өтініш беру мерзімдерімен және алгоритмімен таныстырулары қажет.  Мектебімізде бітіруші түлектер саны -48, 1 оқушы щет елге тапсыратындықтан ҰБТ ға қатыспайды. Екі оқушы тіркелмеді. 45 оқушы тіркеліп, қаңтар айында өткізілген тестке қатысты. Жалпы орта балл-63,3
Ахметжанова Мархабат Армановна-111 балл
Жамбыл Балжан Жанатқызы-111 баллл
Төреханова Әдемі Төлегенқызы-102 балл
Тілек Зинура Ерлікқызы-109 балл алды. Шығармашылық тапсыратын оқушы саны-6

ДОІЖО    Бақтыбаева Б.Қ



test-atar-orytyndysy.pdf [73,38 Kb] (cкачиваний: 5)
Посмотреть онлайн файл: test-atar-orytyndysy.pdf