Оқушылардың тамақтану нормаларымен таныстыру №2 педагогикалық кеңес » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушылардың тамақтану нормаларымен таныстыру №2 педагогикалық кеңес
01
қараша
2023

Оқушылардың тамақтану нормаларымен таныстыру №2 педагогикалық кеңес


Оқушылардың тамақтану нормалары
 202
3-2024 оқу жылы 


"Ас адамнын арқауы" дегендей балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының мықты болуы кез-келген қоғам үшін маңызды. Бүгінгі жас ұрпак - еліміздін ертенгі болашағы. Мектепте тамақтану мәселесімен  айналысатын жеке кәсіпкер ИП «Ди А.С». Тамақтарды тасымалдау, даярлау кезінде белгіленген санитарлық-гигиеналық сақтау асхана жалдаушы Акбаева Г.  жауап береді. Ас мәзірі, сыныптардың  тамақтану  кестесі   бар. Тегін ыстық  тамақ күнделікті мектеп медбикесінің тексеруінен өтеді. Қуырылмаған, буға кайнатылған балалардың ағзасына жеңіл тағамдар Алматы қаласы, Білім Басқармасының бекітілген мәзірі бойынша дайындалады.Нормалар сақталады, әрбір грамм өлшеніп салынады.


 Жыл бойына жасалған кесте бойынша асхананы ата-аналар тегін ыстық тамақ бойынша оқушылардың тамақтану сапасына қадағалану жүргізіліп отырады. Тамақтың  нормалары талапқа сай,мектеп асханасында санитарлық нормалар сақталған және оқушылардың дұрыс тамақтануына жағдай жасалған.Буфет  тағамдарының, қызметкерлерге дайындалатын тағамдардың шығарылатын өнімдерін ең аз сатылымының ассортименті МӘЗІРЛЕРІ дайындалып бекітілген . Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын, кептіретін  арнайы орынның жабдықталуы бар. Тамақтың сапасы, құнарлығы, тамақтың дайындалуы  асхананың режиміне сай.

Бастауыш, орта және жоғарғы буын сыныптарының тамақтану мерзімі қойылып, ережесі сақталынған. 1-4 сынып бойынша барлық сынып және 5-11 сынып оқушылары арасында тегін тамақтанатын  көп балалы, аз қамтылған  және ата-ана қамқорлығынсыз  қалған  оқушыларға   жалпыға міндетті оқу қорынан әлеуметтік көмек көрсетіліп, оқушылардың толық ыстық тамақ ішуіне жетік көңіл бөлінген. Ұсынылған ас мәзірін күнделікті міндетті қайталап орындау басшылыққа   алынды. Күн сайын әзірленген дайын тамақтың сапасын, тамақтың дайындалу кезіндегі тазалықтың сақталуы, оның бірқалыпты   ыстық  күйде болуын, тағамның өлшемі мен дайындалу технологиясының бекітілген ас мәзіріне сай болуы қадағалануда.