№2 педагогикалық кеңес өтті » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №2 педагогикалық кеңес өтті
03
қараша
2023

№2 педагогикалық кеңес өтті

А.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 2023 жылы 1-қараша күні №2 педагогикалық кеңес болып өтті. Педагогикалық кеңесте күн тәртібі бойынша жоспарланған барлық мәселелер қаралды. Әр мәселе бойынша ұстаздарымыз өз пікірлері мен ұсыныстарын жүйелі түрде ортаға салды. 1-тоқсан қорытындысын айта келе ұлы Абайдың мына сөздерімен қорытынды жасадық.  «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші,шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. «Мен шәкірттерімді ешқашанда үйретпеймін,мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдай жасауға тырысамын» деп ағылшын ғұламасы А.Эйнштейн айтқандай оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы ең бастысы сыныпты белсенді сыныпқа айналдыру керек.