Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 228-40-97
Есепші бөлімі:
+7(747) 228-40-97
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заманауи білім мен ұлттық тәрбие: үндестік пен үйлесім» тақырыбында семинар өткізілді.
07
мамыр
2026

«Заманауи білім мен ұлттық тәрбие: үндестік пен үйлесім» тақырыбында семинар өткізілді.

№41 жалпы білім беретін мектебінде «Заманауи білім мен ұлттық тәрбие: үндестік пен үйлесім» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты:
Заманауи білім беру жүйесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді ұлттық тәрбие құндылықтарымен үйлестіре отырып, оқушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және ұлттық сана-сезімі жоғары тұлға қалыптастыруға бағыт беру.
Семинардың міндеттері:
• Заманауи білім беру әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдарын қарастыру;
• Ұлттық тәрбие құндылықтарын оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің маңызын айқындау;
• Оқушылардың бойында ұлттық сана, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жолдарын көрсету;
• Педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау;
• Инновациялық технологиялар мен ұлттық тәрбиені кіріктірудің тиімді үлгілерін ұсыну;
• Білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
Семинар барысында Смайлова Жанат Алдабергеновна және Молдағожина Әлбина Қаржаубайқызы аталған тақырыпта баяндама жасап, мазмұнды сөз сөйледі. Олар өз баяндамаларында заманауи білім беру жүйесіндегі жаңашыл әдістер мен ұлттық тәрбиенің өзара байланысын кеңінен ашып көрсетті. Сонымен қатар, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңірудің тиімді жолдары мен тәжірибелік мысалдар ұсынылды.

Семинарға қатысушылар белсенділік танытып, өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
Мекен жайымыз
Қазақстан,Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла 340/38 Казахстан, город Алматы, Наурызбайский район, ул Шугыла 340/38

©2026, Ресми сайт Алматы қаласы Білім басқармасының "№41 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы,"Ақпаратты-технологиялық орталығы"ҚҚ. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722