Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 228-40-97
Есепші бөлімі:
+7(747) 228-40-97
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЭКО-ЛАГЕРЬДЕ ЕКІНШІ КҮН: ТАБИҒАТҚА ЖАҚЫНДЫҚ ПЕН ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ! 🌱
02
маусым
2026
ЭКО-ЛАГЕРЬДЕ ЕКІНШІ КҮН: ТАБИҒАТҚА ЖАҚЫНДЫҚ ПЕН ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ! 🌱
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар мен біздің сүйікті оқырмандарымыз! Лагерьдің әр күнін балалар үшін ұмытылмас әрі пайдалы өткізуге тырысып жатырмыз. Бүгінгі біздің екінші күніміз «Гүл өсіру күні» деп аталды! 🌸✨ Бүгін біз тек уақыт өткізіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, спорттық рухты ояту және шығармашылықты дамыту бағыттарында өте қызықты жұмыстар атқардық: 🌱 Практикалық гүл отырғызу жұмысы: Балалар өз қолдарымен топырақ басып, гүл егудің қыр-сырын үйренді. Өсімдікке деген
🚨 Сейсможаттығу өткізілді
02
маусым
2026
🚨 Сейсможаттығу өткізілді
Жазғы лагерь жоспарына сәйкес №41 жалпы білім беретін мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру мақсатында сейсможаттығу өткізілді. Жаттығу барысында оқушылар мен лагерь жетекшілері жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін қайталап, эвакуациялау тәртібі бойынша практикалық әрекеттер жасады. Іс-шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін арттырып, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін нығайту.
Жаздың жарқын сәттері басталды!
01
маусым
2026
Жаздың жарқын сәттері басталды!
№41 жалпы білім беретін мектебімізде көптен күткен жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Лагерьдің алғашқы күні көтеріңкі көңіл-күй мен қызықты әсерге толы өтті. Жазғы лагерь барысында оқушылар түрлі танымдық, шығармашылық және спорттық іс-шараларға қатысып, бос уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізетін болады. Сонымен қатар, балалардың достық қарым-қатынас орнатып, жаңа қабілеттерін дамытуына мүмкіндік жасалады. Біз лагерь қатысушыларына жарқын әсерлерге, қызықты оқиғаларға және ұмытылмас
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31
мамыр
2026
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Осы атаулы күнге орай №41 ЖББМ-де тарих пәні мұғалімі Сүндетов Нұрдәулет ағай 9-сынып оқушыларымен тарихи-танымдық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар халқымыздың басынан өткен ауыр кезеңдер, саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры және олардың ел тарихындағы орны туралы мәліметтермен танысты. Сондай-ақ тарихи әділдіктің маңызы мен өткеннен тағылым алу қажеттілігі жөнінде әңгіме өрбіді. Өткеннің қасіретті беттерін
Мектеп мақтанышы!
29
мамыр
2026
Мектеп мақтанышы!
Арменияда өткен Киокушинкай каратэден халықаралық турнирде 5 «В» сынып оқушылары үлкен жетістікке жетіп, мектебіміздің мерейін үстем етті! 🏆 🥈 Садыков Искандер — ІІ орын 🥉 Ермеков Жанади — ІІІ орын Искандер мен Жанадиді халықаралық деңгейдегі жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Көк туымызды биікте желбіретіп, спортта үлкен шыңдарды бағындыра берулеріне тілектеспіз. Балаларымызға қолдау көрсеткен ата-аналарына және бапкерлеріне мың алғыс!🌹
«Соңғы қоңырау»
25
мамыр
2026
«Соңғы қоңырау»
 Алматы қаласы Наурызбай ауданы №41 жалпы білім беретін мектепте 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» мерекесі салтанатты түрде ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара барысында оқушыларға ақжарма тілектер айтылып, ұстаздар мен ата-аналарға алғыс білдірілді. Әсем әндер шырқалып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жарқын сәттер орын алды. Бұл күн — оқушылар үшін жаңа жетістіктерге бастар маңызды қадам болды.  
№41 ЖББ мектебінде 1–10 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
25
мамыр
2026
№41 ЖББ мектебінде 1–10 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп»
№41 ЖББ мектебінде 1–10 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға құқықтық сауаттылық, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушылар өз құқықтары мен міндеттері жайында пікір алмасып, тәртіп пен адамгершілік құндылықтарының маңызын талқылады. Мақсаты — жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, саналы әрі жауапты азамат тәрбиелеу.
Қош Бол Бастауыш!
22
мамыр
2026
Қош Бол Бастауыш!
21-мамыр күні №41 ЖББМ-де бастауыш сынып ұстазы Есмурзаева Ақтолқын апайымыз өз сыныбымен бастауыш буынмен қоштасты. Төрт жыл бойы шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, әр баланың жүрегінен орын алған ұстазымызға мектеп ұжымы шынайы алғысын білдіреді 🤍 Қоштасу кеші — оқушылар үшін балалықтың бір белесімен қоштасып, жаңа қадамға аяқ басқан маңызды сәт болды. Мерекелік кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздарына жылы лебіздері мен алғыстарын арнады 🌷 Құрметті Ақтолқын
«Білімім – Отаныма» республикалық сынып сағаты
19
мамыр
2026
«Білімім – Отаныма» республикалық сынып сағаты
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «Абдолла Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектепте» «Білімім – Отаныма» республикалық сынып сағаттары аясында 5-11-сынып оқушылары арасында эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – білім алушылардың өз білімдері мен іс-әрекеттерін ел дамуына, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына қосқан үлесі ретінде бағалап, болашаққа саналы мақсат пен жоспар құруына ықпал ету. 2026 жылдың 18 мамыр күні 6-сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыптық бағыты
🎓 Болашаққа бастар маңызды қадам!
19
мамыр
2026
🎓 Болашаққа бастар маңызды қадам!
18 мамыр күні мектебіміздің 9–10 сынып оқушыларымен Қазақ ұлттық қыздар университеті өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Кездесудің мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, университеттегі білім беру бағдарламаларымен таныстыру, грант мүмкіндіктері мен студенттік өмір туралы ақпарат ұсыну. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мамандық таңдау жайлы пайдалы мәліметтермен танысты. Кездесу болашаққа сенімді қадам жасауға үлкен
Мекен жайымыз
Қазақстан,Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла 340/38 Казахстан, город Алматы, Наурызбайский район, ул Шугыла 340/38

©2026, Ресми сайт Алматы қаласы Білім басқармасының "№41 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы,"Ақпаратты-технологиялық орталығы"ҚҚ. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722