Сариева Гүлзира Молдабаевна
1968 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келдім.
1990 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Тарих және құқықтану негіздері пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1990 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласындағы №136 қазақ орта мектебінде тарих пәні мұғалімі ретінде бастадым.
1994 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы қаласындағы №164 гимназияда оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі қызметін атқардым.
1997 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы қаласындағы №86 мектеп-гимназиясында тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істедім.
2008 жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласындағы №86 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласындағы №72 жалпы білім беретін мектептің директоры қызметін атқардым.
2015 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласындағы №122 жалпы білім беретін мектептің директоры қызметін атқардым.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласындағы №41 жалпы білім беретін мектептің директор міндетін атқарушы қызметін атқарып келемін.
