Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-сынып оқушыларымен «Желтоқсан-тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты ашық тәрбие сағаты
16
қараша
2021

9-сынып оқушыларымен «Желтоқсан-тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты ашық тәрбие сағаты

А.Қарсақбаев атындағы №41 ЖББ мектебінде 16.11.2021 жылы 9-сынып оқушыларымен «Желтоқсан-тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты ашық тәрбие сағаты өтті. 
Мақсаты:
1.Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
2. ҚР 30 жыл бойы жеткен жетістіктеріне шолу жасай отырып, оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт — бағдар беру.
3. Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Ашық сабаққа желтоқсан оқиғасы куәгері, қатысушылары Алатау ауданы  Желтоқсан зейнеткерлерінің төрайымы:Рысбаева Роза Мукатайқызы   және
Алатау ауданының тұрғыны жазушы Әділханов  Халелхан келіп қатысты.Оқушылар желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен жүзбе-жүз көрісіп,өз сұрақтарын қойып желтоқсан оқиғасы жайында кеңінен мағлұмат алды.