Көрме » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ақпан
2021

Көрме

«Тәжікстан-Ауғанстан соғысына арналады »  атты  кітапханада  кітап  көрмесі қашықтықтан ұйымдастырылды.
Өткізілген уақыты: 01.02.2021 жыл
Мақсаты: Оқушыларға  Ауған  соғысы  жайлы  толық  мәлімет  беру. Өз  Отанына  шексіз  берілген,  патриоттық  рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық  
тәрбие беру. Ауғанстан туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриотық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарымызды еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру мақсатында ұйымдастырылған  көрмеге  Ауған соғысының қаһарманы, көрнекті әскери қайраткер, генерал- лейтенант Бақытжан Ертаевтың батырлығы мен азаматтық бейнесі жан-жақты әрі деректі негізде жазылған кітабы,  Ауған соғыстарының батырлары мен қатысушылары туралы және де жастарға патриоттық тәрбие беруге арналған кітаптар қойылды. 
Ауған соғысы - жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер. Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы - Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.

Похожие публикации:

09 ақпан 2021 Сынып сағаты
09 ақпан 2021 Ерікті клуб
08 ақпан 2021 Эссе байқауы
07 желтоқсан 2020 Іс-шара