“Қазақстан - Түркі әлемінің алтын бесігі” атты тарихи-танымдық кеш » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қазақстан - Түркі әлемінің алтын бесігі” атты тарихи-танымдық кеш
24
желтоқсан
2021

“Қазақстан - Түркі әлемінің алтын бесігі” атты тарихи-танымдық кеш

Әлемдік қауымдастықта беделі мен белсенділігімен, тұғырлы тәуелсіздігімен танылған Қазақ елінің тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай А.Қарсақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте “Қазақстан - Түркі әлемінің алтын бесігі” атты тарихи-танымдық кеш өтті. 
Мұндағы мақсат: Қазақстанның - күллі түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы, өркениеттер мекені екенін ұғындыру негізінде уақыттың төрелігімен, ата-бабаның терімен, ұрпақтар сабақтастығымен келген Тәуелсіздікті қадірлеуге, отансүйгіштікке, шыққан тамырымыз бір, тарихымыз терең бауырлас халықтарға деген құрметке баулу. Кеш барысында тарихқа шолу жасалып, Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және тағы он ұлттың - түркі халықтарының ұрпақтары екендігі айтылды. Биылғы жылғы 21 қарашада өткен Түркі мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитінің өткізілуі, қасиетті Түркістан қаласының - Түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланғаны туралы мәлімет берілді.












Похожие публикации:

10 ақпан 2021 Поэзия кеші
03 ақпан 2021 Іс-шара