“Салауатты өмір салты - ғасыр ұраны “ тақырыбында ашық тәрбие сағаты » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Салауатты өмір салты - ғасыр ұраны “ тақырыбында ашық тәрбие сағаты
06
сәуір
2022

“Салауатты өмір салты - ғасыр ұраны “ тақырыбында ашық тәрбие сағаты

06.04.2022 жылы жас маман Қорғанова Нұрсұлу Төрабекқызы 3 “А” сыныбына “Салауатты өмір салты - ғасыр ұраны “ тақырыбында ашық тәрбие сағатын  өткізді. 
Сабақтың мақсаты: 
 - Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену.
Сабақтың міндеттері: 
 - Ой - өрістерін, сана-сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; 
 - Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан-жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 
Сабақ психологиялық ахуал туғызу мақсатында, шаттық шеңберімен басталды. Жаңа сабақ prezi.com сайты арқылы жасалған презентациямен түсіндірілді. “Саяхаттау” әдісі арқылы жаттығу жұмыстары жасалды. “Кім жылдам” әдісімен ойын ойнатылды. “Күннің шуағы” әдісі арқылы сабақ қорытындыланды. Кері байланыс padlet.com онлайн тақтасы арқылы жүргізілді. Сабақ өз мақсатына жетті.