«Ұлт ұстазы» атты мектепішілік байқауы » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлт ұстазы» атты мектепішілік байқауы
13
сәуір
2022

«Ұлт ұстазы» атты мектепішілік байқауы

А. Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектепте 12 сәуір 2022 жылы Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты «Ұлт ұстазы» атты мектепішілік байқау өтті. 
Байқаудың мақсаты: өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер туралы қоғамдық пікір қалыптастыру.
Байқау екі кезеңде өтті.
-    1-тур. Қатысушылар «Тіл білімнің атасы», «Ұлт ұстазы», «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» тақырыбында эссе жұмысы.
-    2-тур. «Ахмет Байтұрсынұлының идеяларын пәнді оқытуда пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбындағы мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы.
Байқауға Бастауыш сынып мұғалімі Абдрах Асем, тарих пәнінің мұғалімі Қожабекова Марфуға, математика пәнінің мұғалімі Әбділда Рахима, химия пәнінің мұғалімі Түзелбаева Бұлбұл, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ашимова Балауса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Түркістан Әтіргүл қатысты.
-    Конкурста озық идеялар көрсеткен қатысушы математика пәнінің мұғалімі Әбділда Рахима аудандық кезеңге жолдама алды.