«JasSkillsAlmaty–2023» кәсіби шеберлік чемпионатының аудандық кезеңі » №41 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№41 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 275-83-20
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-00-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «JasSkillsAlmaty–2023» кәсіби шеберлік чемпионатының аудандық кезеңі
03
наурыз
2023

«JasSkillsAlmaty–2023» кәсіби шеберлік чемпионатының аудандық кезеңі

«WorldSkills Kazakhstan» стандарттары бойынша «JasSkillsAlmaty–2023» кәсіби шеберлік чемпионатының
аудандық кезеңі
    Мақсаты: «WorldSkills Kazakhstan» стандарттары бойынша «JasSkillsAlmaty–2023» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатын пайдалана отырып,  Алматы қаласы Алатау ауданында  мектеп оқушыларының арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және ерте жастан кәсіби бағдар беру, шеберлікке баулу. № 169 мектеп-лицейінде  «WorldSkills Kazakhstan» стандарттары бойынша «JasSkillsAlmaty–2023» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының «Ағаш шеберлік ісі» бағыты бойынша аудандық кезең байқауы 9 сынып оқушыларының арасында  ұйымдастырылды. Байқау арқылы оқушылардың еңбектері: ағаш таңдау өнері, ағаш кескінінің үлгісін сызып дайындау, оны кесу, жону, сүргілеу, егеу, тегістеу, тазалау, әрлеу, құрастыру, желімдеу және өздерінің жұмыстары бойынша қажетті құрал-саймандарын таныстыру, қолдану түрлерін түсіндіру жұмыстары бағаланды. Осы байқаудың бағалау критерийлері арқылы А.Қарсақбаев атындағы № 41 жалпы білім беретін мектептің  9 сынып оқушысы Жолдас Ерболсын 3-орын иеленді, жетекшісі Курманова Кульчат Сейлхановна марапатталды.